2025 жылдың 08 қазан күні кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында классик жазушы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Қазақ әдебиетінің жұлдызы» атты әдеби-кеш өтті.
Шараның мақсаты – биыл ел болып оқуға таңдалынған қаламгердің шығармашылығын зерттеп, зерделеу, олардың әдеби және мәдени мұрасын кеңінен насихаттау.
Биыл қазақ әдебиетінің поэзия және проза жанрынан екі авторды оқуға шешім қабылдаған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жылма-жыл өткізіліп келе жатқан танымалдыққа ие жоба.Әдеби кешті «Кітапқұмар» мүшелері жүргізді.
Қамтылуы – 55 студент.