2024 жылдың 6 желтоқсанында колледж директоры С. Басыгараева «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қадамдарды талқылау мақсатында педагогикалық құраммен кездесті. Директордың орынбасары Д. Абельдинова бағдарлама бойынша алғашқы кезеңдердің қорытындыларын баяндап, оқу пәндеріндегі тәрбие аспектісінің енуі мен студенттер арасында әлеуметтік жауапкершіліктің артқанын атап өтті. Сондай-ақ, педагогикалық құрамның бағдарламаны тиімді іске асыру үшін психологиялық тренингтер мен әдістемелік қолдау қажет екендігі талқыланды. Жиналыс соңында педагогикалық құрамды қолдау үшін арнайы семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру мәселелері қаралды.