Біз СПИД-ке қарсымыз!

27.11.2024 ж. «Салауатты өмірге қадам» жобасы аясында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Біз СПИД-ке қарсымыз!» атты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шара «Жас толқын» жастар денсаулық орталығымен бірлесе өткізіліп, білім алушыларға ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша ақпарат алуда үлкен қадам болып саналады.

Бұл шара студенттер арасында ЖИТС туралы түсінік қалыптастырып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын ұғындыруды мақсат етті. Ғасыр дерті саналатын ЖИТС-ке қарсы білімгерлеріміздің бойында ақпараттық имунитет қалыптастыруда осындай іс-шаралардың маңызы зор деп есептейміз.

Қатысқан – 18 топ.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *