Рубрика Жаңалықтар

“Салауатты өмірге қадам” жобасы аясында кездесу

22.01.2026 жылы №3 қалалық емхананың «Жас толқын» медициналық орталығының дерматовенерологы С. Бостанов «Қызылша дегеніміз не? Белгілері, берілу жолдары, алдын алу және вакцинация» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулардың алдын алуға қатысты мәселелер талқыланды. Салауатты өмір салтын…

“Заң және тәртіп” айы аясында қалалық дебат

20.01.2026 ж. «Адала азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Астана қаласы прокуратурасының қолдауымен колледждер арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында ойындық сот процестері байқауы өтті. Іс-шара Американдық парламенттік дебаттар форматында ұйымдастырылып, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, дәлелді сөйлеу, сыни ойлау және құқық мәдениетін…

Педагогикалық кеңес

Колледжде жоспарлы педагогикалық кеңес отырысы өткізілді. Кеңес барысында білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Отырыста WorldSkills Kazakhstan (WSK) чемпионатындағы өткен нәтижелер талданып, алдағы кезеңге арналған даму бағыттары айқындалды. Сонымен қатар, жас педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында…

«Бақа-қарға ханшайым»

12.12.2025 ж. Кітапханада «Бақа-қарға ханшайым» ертегісінің қойылымы өтті. Ізгілікке, мейірімділікке және адамгершілікке тәрбиелейтін бұл әсерлі қойылым «8 минут оқу» жобасының аясында тартымды да көркем түрде ұсынылды. Алғашқы минуттардан-ақ көрермендер сиқыр мен даналыққа, халықтық дәстүрлерге толы ерекше атмосфераға еніп кетті. Жас…

Yстел теннисінен жарыс

10.12.2025 ж. «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Өмірге салауатты қадам» жобасының жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай колледж студенттері арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық белсенділікті арттыру, сондай-ақ студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру болды. Жарысқа әртүрлі топтардан студенттер қатысып, өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіске деген жігер танытты. Турнир қызу тартысқа толы өтіп, қатысушылар бір-біріне қолдау білдіре отырып, әділ ойын өрнегін көрсетті. Жарыс соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, денсаулықтың құндылығын түсіндіруге ықпал етті. Қамтылуы – 27 студент.  

«Сервис және туризм» колледжінде «8 минут» жобасы аясында Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған іс-шара өткізілді

15 желтоқсанда «Сервис және туризм» колледжінде «8 минут» жобасы аясында Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған іс-шара өткізілді. КО-25р тобының студенттері оның шығармалары туралы мазмұнды әрі қызықты баяндады. Іс-шара барысында қатысушылар шығармалардан үзінділер оқып, талқылады, жиналғандар баяндамаларды қызығушылықпен тыңдады. Қамтылуы – 10 студент.

А. И. Куприннің «Гранат білезік» повесіне шолу өтті

15.12.2025 ж. колледжінің кітапханасында «8 минут» жобасы аясында А. И. Куприннің «Гранат білезік» повесіне шолу өтті. Іс-шара өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Студенттер талқылауға белсене қатысып, шығарма кейіпкерлері туралы әңгімеледі, сұрақтар қойды, оқыған туынды жөнінде өз әсерлері мен ой-пікірлерімен бөлісті. Әрбір қатысушы кітаптың өзіне терең әсер еткенін, махаббат пен шынайы сезім тақырыбы арқылы жүректеріне жол тапқанын атап өтті. Повесть студенттердің назарын толықтай аударып, ерекше эмоционалдық әсер қалдырды. Шолу барысында жастар шығарманың мән-мағынасын тыңдаушыларға жеткізіп, оқылған кітаптың атмосферасы мен құндылығын көрсете білді. Қамтылуы – 27студент.

Анықтама ақпарат

12.12.2025 ж. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Астана қаласы Сарыарқа ауданы ІІБ қызметкерлері Алмағанбетова А.Ж., Каденов Ж.Б., Ахыбаев Д.А. студенттерге «Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу» тақырыбында профилактикалық дәріс жүргізді. Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:…

Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры

12.12.2025 ж. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Шабыт» жобасының қатысушылары Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік бағдарламаның мақсаты – студенттердің бойында отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыру, ел тарихына құрмет сезімін арттыру, ұлттық болмысты дәріптеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Шара барысында Тәуелсіз Қазақстанның…

Кітапқұмарлар

12.12.2025 ж. Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың» атты әсерлі әрі мазмұнды іс-шара өтті. Оны кітапханашылар «Кітапқұмарлар» мүшелерімен бірлесе ұйымдастырды. Іс-шара қонақтары 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларын еске алып, сол қайғылы күндердің құрбандары туралы мәлімет алды, сондай-ақ қатысушылар…