Рубрика Жаңалықтар

«8 минут оқу» жобасы аясында О-25к тобы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығармасына дискуссия өтті.

12.12.2025 ж. «8 минут оқу» жобасы аясында О-25к тобы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығармасына дискуссия өтті. Іс-шара барысында қатысушылар шығармадағы негізгі ойды, табиғат пен адам арасындағы қайшылықты, сондай-ақ Көксерек бейнесінің көркемдік маңызын талқылады. Дискуссия барысында студенттер шығарма желісі бойынша түсірілген фильм туралы да сөз қозғап, кино нұсқа мен әдеби мәтіннің айырмашылықтарын салыстырды. Киноның шығарманың атмосферасын қаншалықты бере алғаны, кейіпкерлердің бейнесі мен оқиғалардың көрінісі жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Студенттер белсенділік танытып, өз көзқарастарын білдіріп, пікір алмасуға жоғары деңгейде қатысты. Қамтылуы-18 студент.

«Ұрпаққа аманат»

09-10.12.2025 ж. Тәуелсіздік күніне орай «Ұрпаққа аманат» жобасы аясында колледжде Астана қаласы әкімдігінің Бірлескен мұражайлар дирекциясымен бірлесіп суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында елорданың көрікті көріністері бейнеленген картиналар таныстырылды. Іс-шараның мақсаты – тәуелсіз мемлекетіміздің астанасын таныту және студенттердің ел тарихына деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Қамтылуы –500 студент.

«Адал азамат»

08.12.2025 ж. Колледжде педагогикалық ұжымға арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын тәрбие үдерісі мен пән мазмұнына ендіру» семинар-практикумы өтті. Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері Күнүмбала Баяхметбаева мен Жәнібек Қуанышбеков қатысып, адалдық, азаматтық жауапкершілік,…

«Не? Қайда? Қашан?» 

08.12.2025 ж. ҚР «Заң және тәртіп» ұлттық бағдарламасы аясында колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы «Не? Қайда? Қашан?» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және адалдық қағидаттарын насихаттау болды. Сервис және туризм колледжінің «Саналы ұрпақ» клубының «Қадам» тобы аталмыш білім сайысына белсенді қатысып, өздерінің жылдам ойлау қабілетін, логикалық тұжырым жасау шеберлігін және құқықтық білім деңгейін жоғары деңгейде көрсетті. Ойын барысында қатысушылар жемқорлықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік, әлеуметтік әділдік тақырыптарындағы күрделі сұрақтарға жауап беріп, өздерінің жан-жақты дайындықтарын дәлелдеді. Бұл іс-шара студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, әділдікке деген көзқарасын нығайтуға және жемқорлыққа қарсы иммунитетін арттыруға маңызды үлес қосты. Қамтылуы – 6 студент.

«Салауатты сана – қауіпсіз қоғам негізі»

05.12.2025 ж. Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында «Салауатты сана – қауіпсіз қоғам негізі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге Сервис және туризм колледжінің әкімшілігі мен «Бойтұмар» қыздар клубы да белсенді қатысты. Іс-шара отбасы институтын нығайту, жастар арасында наркомания, лудомания, суицидтің алдын алу,…

«Балалар кітапханасы»

01.12.2025 ж. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітапқұмар» клубының мүшелері қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныту, оның ағартушылық жолын жас буын арасында насихаттау және балалардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Әдеби кеш барысында клуб мүшелері ағартушының өмірбаяны туралы мәліметтер ұсынып, тәрбиелік мәні зор әңгімелерін оқып, оның шығармаларының қазіргі білім мен тәрбие үдерісіндегі маңызы жайында пікірталас жүргізді. Сондай-ақ қатысушылар қызықты сұрақ-жауап, ойталқы форматында белсенділік танытты. Іс-шара мазмұнды әрі әсерлі өтті. Әдеби кеш балалардың кітап оқуға деген ынтасын оятып, қазақ әдеби мұрасына деген құрметін арттыруға ықпал етті. Қамтылуы – 50 студент.

«Шабыт» жобасы аясында колледж студенттеріне «Синтез» ізденіс-эксперименталды театрының Абай Құнанбайұлының кемеңгер ойларын насихаттауға арналған «45» атты ғибратты аллегориялық драмасы жоғары деңгейде ұсынылды

28.11.2025 ж. «Шабыт» жобасы аясында колледж студенттеріне «Синтез» ізденіс-эксперименталды театрының Абай Құнанбайұлының кемеңгер ойларын насихаттауға арналған «45» атты ғибратты аллегориялық драмасы жоғары деңгейде ұсынылды. Қойылым барысында Абайдың 45 қара сөзінен алынған адамдық, парасат, еңбек, тәрбиелік құндылықтарға қатысты терең философиялық ойлар бүгінгі заманның тілімен үйлесімді түрде жеткізілді. Заманауи сахналық тәсілдер мен актерлік шеберлік көрерменге…

«Көшбасшылық құндылық: Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс»

28.11.2025 ж. Сервис және туризм колледжінде ұрпақтар сабақтастығы аясында өмірін білім беру саласына арнаған ұлағатты ұстаздардың құнды тәжірибесін жас мамандарға жеткізу, адалдық пен еңбекқорлық құндылықтарын насихаттау, болашақ педагогтардың кәсіби бағдарын күшейту мақсатында «Көшбасшылық құндылық: Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» ардагер ұстаздармен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің қадірлі қонақтары: ✨ Бимендина Асима Темкеқызы — ардагер ұстаз, Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің…

Студенттерге жеке профилактикалық шараларды қолдану қажеттігі ескертілді

18-21.11.2025 ж. «Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты студенттер арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстары топтарда жүргізілді. Талқылау барысында жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың белгілері, белгілерінің айырмашылығы, аурудың спецификалық…

8 минут оқу жобасы «Менің Қожанәсірім келді де…»

8 минут оқу жобасы аясында ОПп-25к тобы жазушы, әзіл-сықақтың хас шебері, аудармашы Сәлімжан Еркебаевтың «Менің Қожанәсірім келді де…» атты шығармасын оқып, осы туындыға байланысты пікірталас өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың көркем шығарма мазмұнын түсінуін арттыру, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға бере отырып, өз ойларын еркін…