
«Өмірге салауатты қадам»
19.11.2025 ж. «Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында ВИЧ-инфекцияның профилактикасы, репродуктивті денсаулық және ерте жүктіліктің алдын алу тақырыптарында ақпараттық-профилактикалық лекция ұйымдастырылды. Іс-шараны «Жас Толқын» ЖДО мамандары өткізді. Лекция барысында студенттер: ВИЧ-инфекцияның жұғу жолдары мен алдын алу тәсілдері; қауіпсіз мінез-құлық қағидалары; жасөспірім ағзасындағы физиологиялық өзгерістер; менструалдық цикл және жеке гигиена; ерте жүктіліктің алдын алу және контрацепция әдістері; денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызы туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар қатысушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) жүйесі және студенттердің статусы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қамтылуы – 70 адам.








