«Дұрыс таңдау жаса!» акциясы

2024 жылғы 16 қазанда Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ МКК «Жас Толқын» ЖДО Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесімен бірлесіп 1 курс студенттері арасында «Дұрыс таңдау жаса!» акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – нашақорлықтың алдын алу мәселелерінде студенттердің сауаттылығын арттыру.

Акция барысында Астана қаласы Сарыарқа АПБ ЖКБ аға жедел уәкілі полиция капитаны А. Әуесханов, Сарыарқа ауданы ПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны А. Жұмабек; УИП УПП-64 полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы Н. Айтажанов; № 3 БП комплаенс-офицері С. Жолаев; СӨС дәрігері А. Нұрмағамбетов; «Жас Толқын» ЖДО психологы Д. Ильяшова баяндама жасады.

Акция барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткі бизнесімен өзара іс-қимылдың құқықтық салдары, есірткінің адам ағзасына және психикалық денсаулығына әсері мәселелері қозғалды.

Акция дене шынықтыру минуттарын өткізуден басталды, одан кейін студенттер үшін «Есірткіге жол жоқ!».

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алды.

Қамту – 240 студент.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *