«Дұрыс тамақтану қағидалары»

2025 жылғы 1 сәуірде №3 қалалық емхананың дәрігер-дерматовенерологы А. Нұрмағамбетов колледж студенттері үшін «Дұрыс тамақтану қағидалары» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Ұлттық бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтанудың иммундық жүйеге әсері, сондай-ақ салауатты өмір салтын сақтаудың маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, студенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларға сапалы әрі теңгерімді тамақтану қағидалары түсіндірілді. Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар берілді.

Іс-шараға 28 студент қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *