27.01.2025 ж. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында колледжде «Денсаулық және мен: темекінің зияндылығы» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында студенттерге темекінің денсаулыққа зиянды әсерлері, темекі шегудің қауіптілігі туралы маңызды ақпараттар берілді. Кураторлар студенттерді темекіге тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану туралы ойлануға шақырды.
Студенттер өзара пікір алмасып, темекі шегудің зияндылығы туралы сұрақтар қойып, жауаптар алды. Кураторлық сағат студенттерге пайдалы болды.
Қамтылуы – 450 студент.