20.09.2024 ж. «Діни сауаттылықты арттыру діни экстремизмнің алдын алудың маңызды факторы ретінде» тақырыбында колледж студенттеріне дәріс өтті.
Кездесу барысында «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС дәріскері Нұрахметұлы Арман студенттерге Қазақстандағы діни ахуал туралы, деструктивті діни ағымдарға иммунитетті қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтып берді. Сондай-ақ, дәріскер діни құқық бұзушылықтар кезіндегі конституциялық, әкімшілік және қылмыстық салдарлар туралы ақпаратпен бөлісті.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.
Қамтылуы – 220 студент.