Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау

Колледж директоры Салтанат Басыгараева ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Қазақстанның экологиялық қоры бірлесіп ұйымдастырған «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Оған экомәдениет пен отбасылық қатынас саласындағы сарапшылар, педагогтар және эко белсенділер қатысып, балалар мен жастар арасындағы экомәдениетті қалыптастыру мәселесі талқыланды.

Салтанат Басыгараева «Таза Қазақстан» акциясы аясында колледжде атқарылған жұмыстармен бөлісе отырып, жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытында «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасындағы «Қамқор» жобасының маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, экологиялық тәрбиені күшейтуге және жас ұрпақтың тұрақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *