04.04.2025 ж. жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында фашистік Германияны жеңудің 80 жылдығына орай ата-бабаларымыздың ерлігі мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі жанқиярлық батырлығына арналған «Ерлік сабағы» өтті.
Кездесуге «Atamnyn Amanaty» ҚБ бас маманы, запастағы майор Б. Жексекеева қатысты. Ол майдан даласында қаһармандық танытқан қазақ батырлары – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов сынды тұлғалардың ерліктері жайлы баяндап, олардың жеңіске қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Шара барысында студенттер Ұлы Жеңістің тарихымен тереңірек танысып, бұл тарихи оқиғаның ел тағдырындағы маңызын талқылады
Қамтылуы – 180 студент