“Ерліктің отын лаулатқан…” тақырыбындағы дәріс-сабақ қыздарды ел тарихы мен ұлы тұлғалар туралы білімдерін кеңейтті

«Бойтұмар» қыздар клубының жоспарына сәйкес  15- мамыр – қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел, халық Қаhарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 102 жыл толуына және Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай «Ерліктің отын лаулатқан…» тақырыбында дәріс-сабақ өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – қыздардың ел тарихы мен ұлы тұлғалар туралы білімдерін кеңейтіп, патриоттық сезімін ояту.

Сабақ барысында М. Мәметова, Ә. Молдағұлова, Х. Доспанованың өмірі мен майдандағы ерлігі жайында тың  ақпараттар беріліп, дәріс оқылды. Берілген ақпарат бойынша клуб мүшелерінің  білімдерін тексеру мақсатында сәйкестендіру  тапсырмасы  орындалып, Kahoot  платформасында тақырыпқа сай арнайы дайындалған  интерактивті ойынмен қорытындыланды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *