12 желтоқсан 2024 жылы колледж кітапханасында белгілі тарихшы, этнограф Халел Арғынбаевтың туғанына 100 жылдығына орай іс-шара өтті. Ол қазақ халқының қолданбалы қолөнерін ұзақ жыл зерттеп, артына мол мұра қалдырған ғалым. Көптеген ғылыми еңбектердің, монографиялардың авторы. Әлікей Марғұланның ғылыми мектебін жалғастырушы.
Шараның мақсаты – ұлы ғалымның мұрасын насихаттау және жастарды ұлттық мәдениетке баулу.
Қатысушылар ғалымның өмірбаянын, ғылыми еңбектерін талқылап, оның қазақ мәдениетіндегі ерекше орнын атап өтті.
Ол қазақ халқының дәстүрлі отбасы неке туралы, қазақ халқының тұрмысына қатысты көптеген ғылыми еңбектер жазған.