Бірлескен жоба аясында «Гендерлік зорлық-зомбылық дегеніміз не және оны қалай алдын алуға болады?» тақырыбында «Құқық» ҚҚ психологы мен заңгері студенттер үшін ақпараттық семинар өткізді. Семинарға қатысып, ұйымдастырылды.
Семинар барысында студенттер гендерлік зорлық-зомбылықтың түрлері (физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық), оның белгілері мен салдары туралы мәлімет алды. Психолог зорлық-зомбылықты білім беру және қарым-қатынастарда құрметті дамыту арқылы алдын алудың жолдарын түсіндірді. Заңгер зорлық-зомбылық құрбандарын қорғаудың құқықтық аспектілері, құқықтық механизмдер мен зорлық-зомбылық орын алған жағдайда атқарылуы қажет іс-шаралар туралы айтып берді, оның ішінде құқық қорғау органдарына жүгіну және заңгерлік көмек алу туралы ақпарат берді.
Семинар сондай-ақ жастардың зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы рөлі мен өзара құрметке негізделген дені сау қарым-қатынастарды құрудың маңыздылығы туралы талқылаумен жалғасты. Студенттер зорлық-зомбылықты алдын алу және онымен күресу үшін пайдалы кеңестер мен ресурстарды алды.