07.11.24 ж. «8 минут оқу» жобасы аясындағы 1 топ студенттерімен ОПп-24к тобының топ жетекшісі Г.Е.Байгабылова Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасына дискуссия өткізді.
Дискуссия мақсаты студенттердің ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту, ойлануға, ой қорыта білуге дағдыландыру, сондай -ақ көркем шығармаларды талдау және түсіндіру қаблетін дамыту.
І.Жансүгіровтың “Құлагер ” поэмасы мазмұндық ерекшелігі бойынша керемет туынды. Ақан серінің Құлагер атты тұлпарының кісі қолынан өлтірілуі Ақанға зор қайғы болады. Құлагерге арнап шығарған “Бай, Бай Құлагерім-ай” атты өлең толғауы елді толғандырмай қоймайды.
Өзге поэмаларға қарағанда, бұл поэманың сюжеттік-композициялық бітімінде өзгешелікте бар екені рас. Осы орайда қатысушыларға сұрақ қою барысында поэманың мән жайын ашып,өз ойларын анық айтып поэма кейіпкерлерін суреттей отырып өмірге деген құштарлығын оятауға шақырды.