«Көшбасшылық құндылық: Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс»

28.11.2025 ж. Сервис және туризм колледжінде ұрпақтар сабақтастығы аясында өмірін білім беру саласына арнаған ұлағатты ұстаздардың құнды тәжірибесін жас мамандарға жеткізу, адалдық пен еңбекқорлық құндылықтарын насихаттау, болашақ педагогтардың кәсіби бағдарын күшейту мақсатында «Көшбасшылық құндылық: Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» ардагер ұстаздармен арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің қадірлі қонақтары:

✨ Бимендина Асима Темкеқызы — ардагер ұстаз, Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылым депутаты, Астана қаласының құрметті азаматы;

✨ Құрманбаева Майра Жаноразқызы — ардагер ұстаз, Ардагерлер кеңесінің төрайымы, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері, маңызды білім беру жобаларының авторы;

✨ Баяхметбаева Күнүмбала Ізтөлеуқызы және Қуанышбеков Жәнібек Талғатұлы — Астана қаласы әкімдігінің Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері.

Кездесу барысында ардагер ұстаздар ұстаздық жолдағы алғашқы қадамдары, жас мұғалімдерге арналған құнды кеңестер, бала тәрбиесі туралы маңызды ойларымен бөлісті.

Шара соңында қатысушыларға студенттердің орындауындағы «Еңбек адамы» әні ұсынылып, кеш ерекше рухани атмосферада аяқталды.

Осындай мазмұнды кездесулер — жас мамандарға бағыт-бағдар беретін, рух пен сенімді күшейтетін маңызды шара болып табылады.

Қамтылуы  52 педагог

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *