«Кері тартпа ағымдардың алдын алу»

Бүгін оқу ордамызда Астана қаласы “Діндерді зерттеу орталығы” ЖШС мамандыры колледж студенттері арасында «Кері тартпа ағымдардың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Орталық маманы Н. Жаншин білімгерлерге дәстүрлі емес жат ағымдардан сақтану, діни білім мен ақпараттарды сенімді көздерден алу, күмәнді діни материалдарды таратпау сияқты өзекті мәселелер туралы кеңінен ақпарат берді. Осындай танымдық шаралар білімгерлердің діни сауаттылығын арттырып, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға үлкен үлесін қосады деп есептейміз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *