12.12.2025 ж. Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың» атты әсерлі әрі мазмұнды іс-шара өтті. Оны кітапханашылар «Кітапқұмарлар» мүшелерімен бірлесе ұйымдастырды.
Іс-шара қонақтары 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларын еске алып, сол қайғылы күндердің құрбандары туралы мәлімет алды, сондай-ақ қатысушылар жасаған тәуелсіз Қазақстанның өзіндік шежіресін тамашалады.
Іс-шара мазмұнды, патриоттық рухта өтіп, барлық қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. «Кітапқұмарлар» тағы да оқудың, өнер мен тарихтың жастарды біріктіріп, жігерлендіре алатынын дәлелдеді.
Қамтылуы-53 студент.
