2025 жылғы 23 қыркүйекте колледжіміздің кітапханасында «Кітап құмар» клубының ұйымдастыруымен ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Мен Абайды танимын, мен Абайды оқимын » тақырыбында кітапхана сағаты өткізілді.
Іс-шара тек әдеби ғана емес, тәрбиелік маңызға да ие болды. Қатысушылар Абайдың философиялық көзқарастарымен, жастарды тәрбиелеу, білім мен мәдениеттің әрбір адамның өміріндегі рөлі туралы идеяларымен тереңірек танысты. Кездесудің атмосферасы жылы әрі шабыттандырарлық болды: студенттер қызығушылық танытып, зейін қойып тыңдады.
Кітапхана сағаты колледж өміріндегі танымдық әрі маңызды оқиғаға айналды, ол жас ұрпаққа қазақ әдебиетінің рухани бастауына жақындауға, ұлттық мәдениет пен тарихқа деген құрмет сезімін арттыруға мүмкіндік берді.
Қамтылуы – 75 студент.