2025 жылғы 22-24 сәуір айында ҚР Ұлттық академиялық кітапханада «Кітап –дәуір айнасы» Ұлттық кітап күніне орай белгілі ресейлік жазушылар Бояркина Полина мен Емец Дмитрийдің қатысуымен әдеби кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға қаладағы бірқатар колледждердің студенттері қатысты.
Кездесу барысында жазушылар өз шығармашылығы, жазушылық жолдағы тәжірибелерімен бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап берді. Қатысушылар әдебиет әлеміне ену жолдары, кітап жазу процесі мен шабыт көздері туралы көптеген пайдалы ақпарат алды.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Колледж студенттері жазушылармен еркін әңгімелесіп, өз әсерлерімен бөлісті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.
Қамтылған студенттер саны -55