«Кітап сүйер»

2024 жылғы 08 мамырда колледж кітапханасы «Кітап сүйер» үйірмесінің студенттері  Кеңес Одағының батыры, жазушы, әскери жауынгер Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» кітабын таныстырды.

Іс-шараның мақсаты — тек кітапқа деген сүйіспеншілікті бөлісу ғана емес, сонымен қатар кітапхананың қарым-қатынас пен өзін-өзі дамытуға арналған заманауи әрі қызықты кеңістік бола алатынын көрсету. Студенттер арнайы кітап жинақтарын дайындап, тақырыптық стендтер жасақтап, барлық қалағандар қатыса алатын интерактивті ойындар өткізді.

Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романы – қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбына жазылған алғашқы шығарма, әскери мемуар. Автор шығарманы баяндаушы ғана емес, оқиға ортасында жүрген бас кейіпкер. Соғыс кезіндегі адамдар мен табиғаттың қасіретті суреттерін шынайы көркемдікпен жеткізеді.

Қамтылған студенттер саны-28

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *