Кітапхана студенттер мен оқытушыларға кітапханалық – библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету арқылы оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ететін колледждің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Колледж кітапханасы ғимараттың үшінші қабатында орналасқан, кітапхананың жалпы ауданы 228,5 шаршы метрді құрайды.
Кітапханада пайдаланушылардың барлық топтарының тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасалған және қолдау көрсетіледі. Қызмет көрсету үшін 80 орындық оқу залы, ннтернетке қосылған компьютерлер, жылжымалы интерактивті тақта, сканер, принтер, ксерокс бар. Ақпаратты электронды тасығышқа жүктеуге немесе басып шығаруға болады. Колледж кітапханасында жыл сайын электронды медиатека – пәндер бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық оқулықтар, сондай-ақ Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих бойынша танымдық және оқыту дискілері құрылып, толықтырылып отырады. Кітапхананың электрондық оқу қоры студенттердің өзін-өзі даярлауы мен өзін-өзі тәрбиелеуіне мүмкіндік береді.
Колледж кітапханасы түрлі журналдар мен газеттерге жазылады: “Кәсіптік білім беру”,”Техникалық және кәсіптік білім беру”, “Мектептегі, колледждегі және ЖОО-дағы заманауи білім беру”, “Білімді ел”, “Тәрбие құралы” сияқты басылымдар. Мерзімді басылымдар мамандықтарға сәйкес жазылады және оларды оқытушылар да, студенттер де пайдаланады.
Кітапхана жұмысының негізгі мақсаты – колледждің оқу процесінде кітапхананың оқу қорын және ақпараттық ресурстарды жинақтауды, сақтауды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.