Колледж студенттері WorldSkills талаптарына сәйкес кәсіптік құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін жоғары дәрежеде көрсете білді.

WorldSkills талаптары бойынша білім алушылардың практикалық дағдыларын, бiлiм деңгейi мен икемдiлiктерін көрсету мақсатында 14 маусымда колледждің оқу-өндірістік шеберханаларында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы «Кондитерлік ісі» және «Аспаз ісі» құзыреттіліктері бойынша студенттер демонстрациялық емтихан тапсырды.
Емтиханның тапсырмалары “WorldSkills” байқауының талаптары негізінде жасалған. Практикалық тапсырмалардың белгіленген уақытта орындалуын және орындау сапасын колледждің әлеуметтік серіктес-кәсіпорындарының бас мамандарынан құралған арнайы комиссия өкілдері тексеріп, бағалады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *