2024 жылдың 11 қараша күні колледж студенттерімен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Астана қаласы Сарыарқа аудандық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны А.Ә. Әуесханов кездесті.
Іс-шара барысында полиция капитаны А.Ә. Әуесханов жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оның зиянды әсерлері және құқықтық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында әртүрлі құқықбұзушылық түрлеріне, соның ішінде есірткі заттарын тарату, ұрлық, қоғамдық орындарда тәртіп бұзу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді.
Құқық қорғаушы жастарға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіре отырып, оларды заңды бұзбауға шақырып, өмірде туындайтын әртүрлі жағдайларда дұрыс шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, А.Ә. Әуесханов студенттерді полиция қызметкерлерімен әріптестік қарым-қатынас орнатуға, өздері көрген құқықбұзушылықтар туралы хабарлау және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.
Бұл шара студенттердің құқықтық сана-сезімін көтеруге, оларды қоғамдағы жауапты азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болды.
Қамтылған студенттер саны – 160