Колледжде қыс мезгілінде студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қауіпсіздік сағаты өткізілді.

Колледжде қыс мезгілінде студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қауіпсіздік сағаты өткізілді. Шара барысында студенттерге мұзды жолдарда абай болу, денсаулықты сақтау және суыққа бейімделу, жылы киім мен аяқ киім кию маңызды екендігі айтылды.

Сонымен қатар, көлік қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және оқу орындарында сақтық шаралары туралы кеңестер берілді.

Қатысушыларға қысқы кезеңде үсу мен суық тиюден сақтану, сондай-ақ, жылыту құралдарын дұрыс пайдалану қажеттілігі түсіндірілді.

Бұл сағат студенттерге қысқы маусымда қауіпсіз әрі денсаулығына зиян келтірмей өмір сүруге қажетті маңызды ережелерді үйретуге бағытталды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *