Колледжде және тұрмыста қауіпсіздік техникасын сақтау

2024 жылғы 30 қыркүйекте өртке қарсы қауіпсіздік жоспарына сәйкес «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК 1-курс студенттерімен АӘжТД оқытушыларымен колледжде және тұрмыста қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқаулық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында білім беру мекемелеріндегі өртке қарсы режим ережелері, электр аспаптары мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығы, өрт немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ білім беру мекемесінен эвакуация жүргізу ережелері туралы айтылды.

Қамтылуы – 460 студент.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған