2025 жылғы 3 қарашада колледжде педагогикалық ұжымға арналған «Мұғалімнің буллинг пен кибербуллингтің алдын алудағы рөлі» тақырыбында жиналыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің агрессияның алдын алу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру. Педагог-психолог қатысушыларды буллинг пен кибербуллинг ұғымдарымен, олардың негізгі түрлері мен белгілерімен таныстырды. Жиналыс барысында білім алушылар арасындағы агрессивті мінез-құлықтың себептері, буллингтің барлық қатысушыларына тигізетін психологиялық және әлеуметтік салдарлары, сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары қарастырылды. Негізгі назар педагогтің буллингтің алдын алудағы рөліне аударылды. Мұғалімдерге қақтығыстардың алдын алу, сенім мен өзара құрмет атмосферасын қалыптастыру бағытындағы негізгі жұмыс түрлері түсіндірілді. Педагогтің жеке үлгісі, педагогикалық этикасы мен қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығы атап өтілді. Жиналыс қорытындысында буллингтің алдын алу бүкіл педагогикалық ұжымның ортақ міндеті екені және жүйелі тәсілді талап ететіні атап өтілді. Жиналыс конструктивті түрде өтті, педагогтер белсенділік танытып, өзекті сұрақтар қойып, профилактикалық жұмысқа одан әрі белсене қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
Қамтылуы – 19 педагог
