Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі

2024 жылы 25 қаңтарында кітапхана оқу залында Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесіне 95 жыл толуына орай «Оқуға құштар колледж» жобасы аясындағы «Кадрдағы кітап» пікірталас киноклубының жұмыс жоспарына сәйкес 3 курс студенттерімен 3ОПп-21Рбк тобының жетекшісі  А.К.Байжикенова дискуссия өткізді. Іс -шарада М.Әуезовтың өмірі және шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат беріліп, кітап көрмесіне шолу жасап, кітап желісімен түсірілген «Көксерек» кинофильмінен үзінді көрсетілді.

Пікірталастың  мақсаты : Студенттерді адалдыққа, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу, жақсы мен жаманды ажырата білу. «Көксерек» әңгімесіне    талдау жасалып, тақырыпқа байланысты түрлі викториналық сұрақтар қойылды.

М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі- өзінің проблемалық өзектілігі жағынан, тақырыптық ерекшелігі жағынан бітімі бөлек шығарма. Әңгіме сол дәуірде үлкен бағыт алған адам-табиғат тақырыбына құрыла білген. Бұл, расымен де ұзын сонар тақырып екені белгілі. Және де дәл сол шығармаларды оқу арқылы да жазушы шабыт алғанын көреміз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *