2024 жылдың 23 қыркүйегінде колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасының жоспарына сәйкес ұлы ғалым, филолог және лексикограф түркі ғалымы Махмұд Қашқаридің туғанына 995 жыл толуына 1ОПп1-24к тобымен тақырыптық шолу өткізілді.
Қатысушыларды Махмұд әл-Қашқаридің өмірі және жетістіктерімен таныстырылып, сондай-ақ оның түркі тіл білімі мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі туралы білімдерін кеңейтті.
Іс-шара зияткерлік ойын форматында өтті, оған үш топ қатысты. Әрбір топқа Махмұд әл-Қашқаридің өмірі, еңбектері және мұрасына қатысты сұрақтар қойылды. Қатысушылар командаларға бөлініп, өзара тиімді байланыс орнату және міндеттерді бөлу арқылы жұмыс істеді.
Талқылауға үш команда да белсене қатысып, ұсынылған сұрақтарға сәтті жауап берді. Қатысушылар Махмуд Әл-Қашғаридің өмірбаяны мен ғылыми жетістіктерін жақсы білетіндіктерін көрсетті. Іс-шараның ойын форматы зияткерлік қабілеттерін дамытуға ғана емес, топтық жұмыс жасауға да ықпал етті.