«Мен және менің өмірім» тақырыбында тренинг

«Қауіпсіз каникул-2023» жобасы аясында Колледж студенттері мен түлектері қауымдастығымен бірлесе отырып, 1-курс студенттеріне арнап  жасөспірімге ішкі жан-дүниесіне үңіліп, түсіну, онымен жұмыс жасай білуге үйрету мақсатында «Мен және менің өмірім» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренингті «JANUM» қоғамдық қорының сарапшы психологы Алтыншаш Матаева бүгінгі күнде  адам өзін-өзі тәрбиелеп, алдына мақсат қоя білуі керек екендігін айтты. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып,“өз өмірім өзіме құнды” деген қағиданы басты назарда ұстау қажеттігін түсіндірді.

Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейтуге бағытталған іс-шара тиісті деңгейде өткізілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *