Менің мамандығым-менің мақтанышым

Бүгін Техникалық қызмет көрсету мамандығы бойынша оқитын 1 курс студенттері «Астана қамқор» мекемесіне барып, жұмыс жүйесімен танысып, өз мамандығы бойынша жұмыс тәртібін, жұмыс орындарын көрді.  Студенттердің дүниетанымы кеңейіп, өз кәсібіне деген қызығушылығы артты.

Автослесардың қызметіне автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, заманауи диагностикалық жабдықтар мен аспаптардың көмегімен автомобильдердің техникалық жағдайын бақылау, сондай-ақ автокөлікті басқару кіреді. Автослесарь автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі операцияларды орындайды, автомобильдің техникалық жай-күйіне бақылау жүргізеді. Жүк және жеңіл автомобильдерді жөндейді. Оның жұмысының мәні өздігінен жүретін көлік құралдарының механизмдері, тораптары мен агрегаттары болып табылады. Ол көлік құралдарының ақауларын анықтайды және жояды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *