2023 жылдың 25 желтоқсанында колледжіміздің кітапхана оқу залында «Оқуға құштар колледжі» жобасы аясында КО-23к тобы мен ОПП1-23к топтарымен «Не? Қайда? Қашан?» әдеби ойыны өткізілді.
Әдеби ойынның мақсаты: Студенттердің білім деңгейін тексеру, ойынға қабілетін қалыптастыру, сөйлеу мәнеріне үйрету, ойларын бір жүйеге келтіріп, өз пікірлерін айта білуіне көмектесу, шапшандылыққа, әдептілікке, алғырлыққа тәрбиелеу.
Ойынға «Сұңқар» камандасы мен «Алаш» камандасы қатысты.Ойын 3 кезеңнен тұрды. Әдеби ойының сұрақтары көркем туындылардың мазмұның, жазушылардың өмірбаянының деректерінен тұрды.Ойын нәтижесі бойынша «Алаш» камандасы озық шығып, бірінші орынға ие болды.Ойын өте қызықты және тартысты өтті.