«Не? Қайда? Қашан?» 

08.12.2025 ж. ҚР «Заң және тәртіп» ұлттық бағдарламасы аясында колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы «Не? Қайда? Қашан атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және адалдық қағидаттарын насихаттау болды.

Сервис және туризм колледжінің «Саналы ұрпақ» клубының «Қадам» тобы аталмыш білім сайысына белсенді қатысып, өздерінің жылдам ойлау қабілетін, логикалық тұжырым жасау шеберлігін және құқықтық білім деңгейін жоғары деңгейде көрсетті.

Ойын барысында қатысушылар жемқорлықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік, әлеуметтік әділдік тақырыптарындағы күрделі сұрақтарға жауап беріп, өздерінің жан-жақты дайындықтарын дәлелдеді.

Бұл іс-шара студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, әділдікке деген көзқарасын нығайтуға және жемқорлыққа қарсы иммунитетін арттыруға маңызды үлес қосты.

Қамтылуы – 6 студент.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *