13.11.24 ж. «8 минуттық оқу» жоба аясында кітапхана оқу залында ОПп1-24к тобында Оралхан Бөкеевтің «Бес тиын» кітабына дискуссия өтті.
Негізгі мақсаты жазушы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылы туралы мағлұмат беру, туған жерге деген мақтаныш сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, жазушының шығармалары арқылы адамгершілікке, жауапкершілікке, барлық жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, әдеби кітап оқуға тарту.
Студенттер шығарманың кейіпкерлері туралы алған әсерлерімен бөлісіп, олардың әрекеттері мен құндылықтарын талқылады. Әрбір кейіпкердің терең зерттелгені сонша, талқылау шынымен қызықты және мазмұнды болды!