18.09.2024 жылы колледжде «Отбасы – тәртіптің ең керемет мектебі» тақырыбында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа лектор – теолог Н Жаншин, «Право» ҚҚ заңгерлері А. Нұрбалиева және Г. Баймаганбетова, психолог С. Қалыбай, колледж әкімшілігі қатысты.
Жиналыс барысында «Буллингтың алдын алу», «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жастар ортасындағы бейресми бірлестіктер», оқу процесін және студенттердің бос уақытын ұйымдастыру тақырыптары қозғалды.
Колледждің педагог-психологтары ата-аналарға арналған тренинг өткізді, оның барысында ата-аналарға әртүрлі ойындар, шығармашылық шешім ұсынуға тура келетін жағдайлар ұсынылды.
Жиналыс барысында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алды.
Қамту – 180 ата-ана.