5.09.2024 жылы колледжде Отбасы күні қарсаңында оқытушылар үшін «Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер» тақырыбында тренинг өткізілді.
Бұл тренингтің мақсаты – қатысушылардың қазіргі заманғы отбасылардағы отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер туралы түсініктерін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын өзектендіру.
Тренинг барысында оқытушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, ортақ мүдделер тауып, өзін тұлға ретінде көрсетті, сондай-ақ командалық жұмыс пен коммуникация дағдыларын дамытты. Тренинг барысында тиімді командалық өзара іс-қимылды құру, топта қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру, олардың арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту үшін қатысушыларда ұқсастықтарды табу үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік туды.
Тренинг соңында қатысушылар сүйемелдеу үшін алғыс айтып, тренингтен алған әсерлерімен бөлісті және қызықтырған мәселелер бойынша психологтың кеңесін алды.