Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының қызметі аясында «Отбасының дәстүрлері мен құндылықтары: ұрпақтан ұрпаққа» тақырыбында ата-аналарға тренинг ұйымдастырылып, өткізілді. Себебі, отбасы мен колледждің ынтымақтастығы – екі жақтың дамуының маңызды көзі болып табылады.
Тренингтің мақсаты ата-аналарға жасөспірімдердің болашақ отбасылық өмірге қажетті қасиеттерін дамытуға көмектесу болды.
Тренинг барсында отбасындағы тәрбие дәстүрлерінің негізі, заманауи ата-ана болу тақырыптары төңірегінде бейнефильмдер қаралып, жағдаяттар шешіліп, класстерлер құрылып, қорғалды.
Іс-шара ұлдар мен қыздарды тәрбиелеу бойынша болашақ отбасылық өмірге қажетті чек-парақ жасаумен аяқталды.
Барлық қатысушылар тренингтен жағымды эмоция алып, өз алғыстарын білдірді.








