Педагогика мұғалім мен тәрбиешіге оқу-тәрбие процесін сапалы және тиімді ұйымдастыру туралы біліммен көмектесуі керек. 2022 жылғы 26 желтоқсанда жалпы педагогикалық білімді арттыруға ықпал ету үшін колледжде “Педагогикалық калейдоскоп” тақырыбында семинар – тренинг өткізілді. Семинар-тренингті өткізудің негізгі мақсаты оқытушыларды педагогиканың жалпы мәселесімен таныстыру болды: оның даму кезеңдері, мақсаттары, міндеттері, құрылымы, функциялары, еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып табылатын ұлы педагогтардың педагогикалық еңбектері. Семинар теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Семинар “Google form” бағдарламасын қолдана отырып тестілеумен аяқталды.