2022 жылдың 28 желтоқсан күні педагогикалық кеңестің 3-ші отырысы өтті. Педагогикалық кеңесте директордың ОІ, ОӘЖ, ӨО жөніндегі орынбасарлары және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы өз баяндамаларымен сөз сөйледі.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1.Оқу топтары жетекшілерінің тәрбие жұмысының белсенді формалары мен әдістерін қолдану – директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Абельдинова Д.К.
2.Жаңа қабылданған студенттердің бейімделуінің бірінші кезеңі, проблемалар және оларды шешудің негізгі жолдары туралы – колледж педагог – психологы Лян О.Г.
3.Студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша менеджері Уразбаев А.М.
4.Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерді әлеуметтік-педагогикалық қолдау – колледждің әлеуметтік педагогі – Уразалина А.А.
5. Колледж кітапханасы қорының заман талабына сай болуы және кітапхана қорын оқу әдебиетімен толықтыру туралы – Сураганова Д.А.
6. Азаматтық қорғаныс. Білімалушылардың қауіпсіздігі- оқу процесінің басты шарты. «Терроризм қаупі немесе актісі туындаған кездегі мінез-құлық ережелері» – НВТП Койлыбаев М.Н.
7.Әр түрлі: Қорытынды аттестация төрағаларын қарастыру және бекіту – директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары Абишканова А.М., директордың ОІ жөніндегі орынбасары Сатова Г.Р.