Колледжде жоспарлы педагогикалық кеңес отырысы өткізілді. Кеңес барысында білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Отырыста WorldSkills Kazakhstan (WSK) чемпионатындағы өткен нәтижелер талданып, алдағы кезеңге арналған даму бағыттары айқындалды. Сонымен қатар, жас педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында «Жас педагог мектебінің» қызметін ұйымдастыру және оны одан әрі дамыту мәселелері сөз болды.
Кеңесте «Сервис және туризм» колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті күшейту, білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапты мінез-құлықты қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, жатақхана ішіндегі тәртіпті сақтау, білім алушылардың күнделікті тәртібін бақылау және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Педагогикалық кеңес қорытындысында оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге қатысты ұсыныстар тыңдалып, алдағы жұмыс жоспары айқындалды. Қабылданған шешімдер колледж қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталды.

