2025 жылдың 12 наурыз күні колледж кітапханасында «Поэзия менің жүрегімде» атты кітапхана сағаты өтті.
Фариза Оңғарсынова,Абай,Мұқағали Мақатаевтың тағылымды да өнегелі мол мұрасын студенттік жастарға насихаттау, жастардың бейілін қазақ поэзиясына тарту, Ақындардың шығармалары арқылы адами құндылықтар мен адамгершілік қағидаттарын студенттер бойына сіңіру.
Қазақтың қара өлеңіне құдіреті мен сырына молынан қаныққан ақын Фариза Оңғарсынованың,жыр падишасының туындылары бойынша 1 топ студенттері өз өнерлерін ортаға салды.Жалындаған жастардың поэзияға деген құштарлығын арттыру орайында өткізілген тағылымдық шара ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Ақындардың өмірі негізінен қиындыққа толы келеді.Оның да өзіндік себептері бар. О баста талант берген жазмышы кейін соған сай сынақ беретін де рас.Ақындардың өлеңдері күні бүгінге дейін оқыған жанның таңдайын қақтырып, өлең танитын елді елең еткізіп келе жатқан ақиқат.Өлеңдерді халқы жадында қалған.