2025 жылғы 17 қазан күні ата-аналар клубының жұмысы аясында және құқықбұзушылықтардың алдын алу жоспарына сәйкес «Позитивті ата-аналық» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға тәрбиенің позитивті тәсілінің маңыздылығын түсіндіру, балалармен сенімді қарым-қатынасты дамыту және отбасындағы жанжалдық жағдайлардың алдын алу болып табылды.Тренинг барысында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелері, жасөспірімдермен тиімді өзара әрекеттесу тәсілдері, эмоционалдық күйзелісті төмендету жолдары және балалардың теріс мінез-құлықтарының алдын алу тақырыптары талқыланды. Ата-аналарға белсенді тыңдау, эмпатия және позитивті қолдау дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар мен практикалық ұсынымдар берілді.Қатысушылар белсенділік танытып, жеке тәжірибелерімен бөлісті, сұрақтар қойып, отбасындағы эмоционалдық қолдау мен өзара түсіністіктің маңыздылығын атап өтті. Тренингтің атмосферасы сенімді және жылы жағдайда өтіп, ашық пікір алмасуға ықпал етті.
Қамтылуы: 11 адам.
