“Репродуктивті денсаулықты сақтау – салауатты ұрпақтың негізі” тақырыбында TED Talks конференциясы өткізілді.

Колледжде «Репродуктивті денсаулықты сақтау – салауатты ұрпақтың негізі» тақырыбында TED Talks форматында конференция өткізілді. Бұл конференция медицина, білім беру, әлеуметтік жұмыс, саясат және құқыққорғау салаларындағы мамандардың бірігуімен өткізілді.
Конференция спикерлері, «Сенімен Болашақ» РҚБ Астана қ. филиалының директоры Ш. Арапбаев, № 3 қалалық емхананың «Жас Толқын» ЖДО дәрігер-гинекологы Д. Түсіпбекова, дәрігер-эпидемиологы А. Сағынбек, СӨС дәрігері А. Нұрмағамбетов, ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Б. Өтқұлбаева, өз сөздерінде мінез-құлық қауіп факторлары, олар тудыратын тәуелділіктер, өскелең ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер ету, онымен күресу және құқықтық жауапкершілік туралы айтылды.
Қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға мамандар қол жетімді және түсінікті жауап берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған