10.10.2024 ж. «Салауатты өмірге қадам» бірлескен жобасы аясында № 3 емхананың СӨС, алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің гинекологы Д. Түсіпбекова колледж студенттері арасында семинар өткізді.
Семинар барысында репродуктивті денсаулық және етеккір циклі, етеккір күнтізбесі, жасөспірім қыздардың денесіндегі физиологиялық өзгерістер, жаман әдеттердің алдын алу және олардың ағзаға зиянды әсері, жыныстық қол сұғылмаушылық, жақындық талабы туындаған жағдайда «жоқ» деп айта білу, ерте жүктіліктің алдын алу, жүктілік белгілері және контрацепция әдістері туралы ақпарат берілді. Өзіне және денсаулығына жауапкершілікпен қарау.
Семинар барысында дәрігер студенттер қойған сұрақтарға жауап берді.
Қатысушылар саны: 29 студент