Сәуір айының 1-ші жұлдызында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында
8 минуттық кітап оқу бойынша ОПп-23р тобында топ жетекшісі Баймуканова Ляззат Кайырбаевна ұйымдастыруымен Роберт Кийосакидің «Бай әке, Кедей әке» бойынша кітапты талдау жұмысы өткізілді.
8 минуттық жобаның мақсаты: оқушылардың бойында жанашырлық сезімін, басқаларға деген адамгершілік қатынасын, әділ әрекет етуге ұмтылуын дамыту, ақпарат көздерін шарлау қабілетін дамыту, ақпаратты маңыздылығы бойынша сұрыптау, оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын байыту, жасөспірімдердің адамгершілік таңдау процесінде ашық қарым-қатынасқа жағдай жасау.
Роберт Кийосакидің «Бай әке,Кедей әке» кітабы екі дүниетанымды – бай мен кедейді салыстыруға негізделген. Бұл ата-аналар балаларына ақшаны қалай ұстау керектігін айтады, бірақ олар мұны мектепте үйретпейді. Сондықтан байлар байып, кедейлер кедейленеді. Роберт Кийосакидің әкесі мейірімді, ақылды адам, философия ғылымдарының докторы болған, бірақ 50 жасында жұмыссыз қалған. Оның досының әкесі ерекше еңбегі болмаса да, өз империясын нөлден бастап құра алды. Бірінің қаржылық сәтсіздікке ұшырауының, екіншісінің табысының сыры олардың ой-пікірінде жатыр. Роберт Кийосаки: «Өмір бойы кепілдендірілген жұмыс пен тұрақты зейнетақы – бұл өз пайдасын жоғалтқан идеялар екенін неғұрлым тез түсінсеңіз, кедей адам кешенінен соғұрлым тез арыласыз», – деп сенімді.