Салауатты өмір салты

“Салауатты өмір салты” бірлескен жобасы аясында 04.10.2024 № 3 емхананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің СӨС дәрігері А.Нұрмағамбетов колледж студенттері арасында семинар-тренинг өткізді.

Семинар барысында жеке гигиена сақталмаған жағдайда таралатын жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу мәселелері айтылды.

Жалпы денсаулық үшін денені таза ұстаудың маңыздылығы туралы сұрақтар да көтерілді . Студенттермен тері инфекцияларының және «лас қол ауруларының» алдын алу мәселелерінде хабардарлықты арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дәріскер оқушылар қойған сұрақтарға жауап берді.

Қатысушылар саны: 26 студент

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *