05.12.2025 ж. Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында «Салауатты сана – қауіпсіз қоғам негізі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге Сервис және туризм колледжінің әкімшілігі мен «Бойтұмар» қыздар клубы да белсенді қатысты. Іс-шара отбасы институтын нығайту, жастар арасында наркомания, лудомания, суицидтің алдын алу, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін талқылауға арналды.
Аналар кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және әлеуметтік бастамаларды күшейтуге бағытталған ұсыныстарды талқылады.
Бұл іс-шара колледж студенттеріне ерекше ықпал етті. Олар қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелер туралы терең түсінік алып, құқықтық сауаттылығын арттырды. Жастардың қауіпсіздік мәдениеті, жеке жауапкершілігі және отбасылық құндылықтарға деген көзқарасы нығайды. Сонымен қатар студенттер әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуға мотивация алып, психологиялық және әлеуметтік тұрғыда өзін дамытуға бағытталған құнды ақпарат алды
Қамтылуы – 22 студент.
