«Салт-дәстүр білгірі» интерактивті ойыны

Наурыз мерекесін ұлықтау жоспарының аясында 4 бөлімнің ата-аналар мен студенттерден тұратын құрама топтары арасында жастардың бойында ұлттық  салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды дәріптеу, ұлттық саналарын қалыптастыру, ұлтжандылыққа баулу және ұлттық мәдениетімізді насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында «Салт-дәстүр білгірі» интерактивті ойыны өткізілді.

Ойын  100, 200, 300, 400, 500 ұпайлық сұрақтардан тұратын 5 бөлімнен тұрды:

І. «Мықты болсаң – тауып көр»;

ІІ. «Ойлы болсаң озып көр!»;

ІІІ. «Білімді мыңды жығады»;

ІҮ. Бейнесұрақтар;

Ү. Қазақ киносындағы салт-дәстүр.

Әділқазылар шешімімен «Қыран» тобы жеңіске жетіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *