2024 жылдың 8 қарашасында ТРа-24к тобы «8 минут оқу» жобасы аясында Сапарғали Ләмбекұлының «Арыстар» шығармасын кітапхана оқу залында талқылады. Бұл шығарма қазақ батырларының ерлікке толы тағдырын және біздің тарихымыздың маңызды сәттерін көрсетеді.
«Арыстар» дилогиясының бұл екінші кітабында Голощекиннің қазақ елін ашаршылыққа ұшыратқаны, сталиндік қуғын-сүргін тудырған зобалаңдар жөнінде сөз қозғалған.
Мұндай кездесулер мәдени мұрамызды тереңірек түсінуге көмектеседі және өткенімізбен байланысымызды нығайтады. «Арыстар» сияқты кітаптар ұлтқа деген мақтаныш сезімін оятып, шабыттандыра берсін!